Егіз баланың аузына түкірген Төреғали тағы да халықтың ашуына тиді

Осы уақытқа дейін тек тентектігімен жиі көзге түсетін Төреғали тағы да жұрттың талқысында. Бұл жолы балалардың аузына түкірген атышулы әншінің әрекеті елге ұнамай қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеодан кадр

Ғаламторда тараған бейнежазбаға көз жүгіртсек, Төреғали Шымкенттегі концертте егіз баланың аузына түкірген. Олардың есімі де Төреғали мен Төреәли екен.

«Аузына түкіртіп алсақ деп отырмыз. Қатты түкіретініңіз бар еді ғой», — деді кеш жүргізушілері.

Бұл тосын ұсыныстан әнші Төреғали бас тартпады. Өнер иесі сахнаға шыққан егіз ұлдың аузына түкіруге ниетті екенін айтып, халықтан рұқсат сұрады.

«Сіздер рұқсат бересіздер ме? Как раз Меккеден келген свежий түкірік», — деді Төреғали.

Дәл осы видеоны көрген көпшіліктің басым бөлігі балалардың аузына түкірген Төреғалиды сынап, «Қуды … », «Фууу» деген сарындағы пікірлер жазып, оған түрлі жағымсыз смайлик жіберген.