Түрікке тиген қазақ қызы не үшін қазаққа тұрмысқа шыққысы келмейтінін түсіндірді

Түрік жігітімен тұрмыс құрған қазақ қызы не себепті қазаққа тұрмысқа шыққысы келмейтінін түсіндіріп берді. Ол қазақ жігітімен болған алғашқы сәтсіз некесі туралы мысал келтіріп, енді түрік жігітімен бақытты өмір сүріп жатқанын айтады.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Неге қазақ қыздары өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығады деп таңқалмаңыздаршы. Міне сіздерге мен мысал бола аламын. Қазақ жігітпен отау құрдым. Көзіме шөп салды, мазақ қылды, ұрды, жансақтау бөліміне де түсірді. Мен ажырастым. Себебі, өліп қаламын ба деп қорықтым. Содан 6 жыл өткеннен кейін барып шетел азаматына тұрмысқа шықтым. Елдің сөзіне қалдым. Менің өмірімді талқылауға қандай құқыларыңыз бар? Құдайға шүкір бәрі жақсы», ― деген ол.

Оның бірінші күйеуінен босанған қызы биыл 13 жасқа толады екен. Айтуынша, әкесі осы уақытқа дейін алимент төлемей келген.

«Қызым 6 жасқа келгенде түрікке тұрмысқа шықтым. Осы уақытқа дейін түрік күйеуім бағып жатыр. Кітабын, киімін, тамағын алып жатыр. Ал, туған әкесі ешқандай көмегін беріп жатқан жоқ», ― деп ашынады ол.

«Барлық қазақ жігіттері жаман емес. Бірақ, қыздарды бағаламайтын жігіттер Қазақстанда көп. Қаншама жас қыздар жылап жүреді. Қыздармен танысса да мәдениетсіз танысады. Қазақ қыздарын өздеріңіз бағаламасаңыздар осылай қазақ қыздары өзге елге кете береді. Жігіттерді жөндеу керек», ― деп сөзін түйіндеген.