«Қызым үшін ұялғым келмейді...» Баян Алагөзова әкесі жайлы жылы жазба жариялады

Белгілі продюсер Баян Алагөзова өмірден өткен әкесі жайлы естелік жазды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі.

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Экспресс К порталы мәліметі бойынша, отандық продюсер жазбада марқұм әкесі Мақсат Мұхитденовті мақтан тұтатынына тоқталған.

Белгілі продюсер, актриса сағынышты естелігін Іnstagram-ға салды. Онда Алагөзова әкесін әрқашан мақтан тұтатынын, қимайтынын, сағынатынын айтқан.

Сонымен қатар Мақсат Мұхитденовтің көзі тірісінде жазған еңбектерін түгелдей оқып шығып, бұл әлемге қандай мұра қалдырғанын түсінуге тырысатынын жеткізіпті.

«Әкешім, мен сені соңғы сапарға шығарып салуға ұшып барамын. Сенің дауысың, бейнең, күлкің мәңгі есімізде. Жұмыс кабинетіңе кіріп, ескі орындығыңда отырамын. Жазған еңбектеріңді түгел оқып, бұл әлемге қандай жаңалық, мұра қалдырғаныңа көз жүгіртемін. Мен сені әрқашан мақтан тұттым. Сен туралы ешқашан жаман ойлаған емеспін. Өйткені сен бұл өмірдегі ең ақылды, ақжарқын, ерекше жансың. Мен мақтан тұтар қызың болуға тырыстым. Өзіме сенімді болуды үйреттің. «Егер талантың болса биігіңе өзің жетесің, талантың бомаса, мен қызым үшін ұялғым келмейді» деген бір ауыз ақылы мені алға жетеледі. Өмірлік ұраныма айналды. Саған алғысым шексіз. Өзіңдей әке бұл өмірде жоқ. Түсінемін. Мен сені қатты жақсы көремін», — дейді Баян Мақсатқызы.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)