87-дегі саяхатшы әже Лена Тоқсанбаева Жаңа жылды Таиландта қарсы алып, барша қазақстандыққа құттықтау жазды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Видеоны оның блогер немересі өз Instagram парақшасында жариялады.
«2023 Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын! Қазақстанға тек байлық, жақсылық, еліміз, жұртымыз тыныш болсын! Тек қана жақсылық болсын», ― деді әжей.
Лена Тоқсанбаева алғаш рет 79 жасында шетелге шыққан. Ол кезде Лондонға барып қайтты. Содан кейін Париж, Барселона, АҚШ, Таиланд және тағы басқа елдерді аралады.