Күнде жыныстық қатынасқа түсу зиян ба? Имам жауап берді

Әлеуметтік желіде танымал болған имам Нұрлан Байжігітұлы тағы да желіні жарды. Одан оқырмандарының бірі жыныстық қатынас туралы сұрады, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Сұрақ қойған жігіт әйелі екеуі күнде жыныстық қатынасқа түсетінін айтып, оның зияны бар ма екенін білгісі келді. Оған имам еш іркілмей жауап берді.

«Құтты болсын, алға! Отан үшін, партия үшін тоқтамаңдар! Үрім-бұтағың көп болсын, жаным. Жақсы нәрсе, сауап. Бірақ күнде-күнде деп, зиян болып кетпесін, сен де қиналып қалма», — деді имам.

Желі қолданушылары сұрақ қойған адамды сынға алды.

«Көргенсіздер, қалай сұрақ қояды», «Сексолог деп ойлап қалған ау ағамызды», «Осы сұрақты қоюға ұялмайма», ― деп пікір қалдырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нұрлан Ұстаз(фан парақша) (@nurlanimam_kz)

В статье: