Дәл қазір әлеуметтік желі қолданушылары Баян Алагөзованың тойдағы әрекетін түсіне алмай әлек. Олар қайтыс болған әкесінің қырқы өтпей жатып сауық кеште жүрген продюсерді сынап тастаған, деп хабарлайды Экспресс К.
Күні кеше Бақытбек Есентаев пен Баян Мақсатқызының ортақ некесінен туған Айсәуле қызы Сафияның тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізген. Жиен немересінің бір жасына Баянның анасы мен туыстары да барыпты.
«Туған күніңмен, ханашайым. Бақытты балалақ шақ тілеймін», — деп жазды Баян Мақсатқызы.
Алайда атышулы продюсердің бұл қылығын көпшілік дұрыс қабылдамаған. Өйткені жуырда ғана Баянның әкесі Мақсат Мұхитденов өмірден озған еді.
Қайғы жамылған отбасының тойлатып жүрген сәтін көрген оқырмандар түрлі сыни пікір жазыпты. Олардың бір легі Алагөзованы айыптаса, енді бір тобы мұндай сәтте той жасаған Айсәуленің ата-енесін кінәлап жатыр.
«Әкесі жақында о дүниеге аттанды ғой. Қандай той?;
Бұларға бәрібір ғой;
Сана жоқ қой енді. Құдағиының той жасап жатқанын айтам да;
Бақытбек қайда?;
Әкесінің 40 күні өтпей жатып той жасағандары несі?» — деп қайран қалды желідегі жұрт.
Қазнеттің қызу талқасына түскен тойда Айсәуленің әкесі Бақытбек Есентаев бой көрсетпеді.