Гүлзира Айдарбекова тойда ән айтып, артынан халықпен дауласты

Қайрат Нұртастың әке-шешесі Атырау облысына тойға барып, ән салды, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Өнер жолына енді қосылған ерлі-зайыпты әншілердің тойдағы видеосын Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.

Әлеуметтік желі қолданушыларына оның ән айтқаны ұнамаса керек, тек сыни пікірлер жазған.

Біреулер «Сіздерге не болған шошаңдап? Екеуіңізге ел аралап концерт берген ерсі емес пе?» деп жатты. Қайрат Нұртастың анасы да оларға жауап бермей отыра алмады.

«Жазған сөзіңізге қарасам, іші тар әйел екенсіз. Өмірге өкпелі, өз бақыты болмаған соң, өзгенің бақытын қызғанады деген бар. Көзіңіздің бір күлімдеп тұрғанын көре алмадым, қарайып қатып қалыпсыз. Ақылымды айтайын, ниетіңізді тазартыңыз», — деп жазды Айдарбекова.

Сондай-ақ ол не үшін күйеуімен бірге тойда ән салып жүргенін түсіндірді.

«Тойға өзімізден өзіміз барған жоқпыз. Керек болғанымыз үшін шақырды. Концертті де ел шақырмаса қоя алмайсың, ешкім келмейді. Жұртқа ұнаған соң тойға да, концертке де шақырады, демек өмірде орнымыз бар адамбыз. Ал сіз ешкімге керек емес сияқтысыз», — деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)