Келін қайындарының артын жинап жүруге міндетті ме? Бұл сауалға белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы жауап берді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Дін маманының пайымынша, келінге біреудің «артын жинау керексін» деп айтқан дұрыс емес.
«Ол үйдегі домработница емес. Бірақ жинамасан, үйін шашылып жата бермейді ғой. Ертең қонақтар келіп, «Анау төсек не?» десе, «Ол қайындікі», «Анау ше?», «Қайынатамдікі», «Ал мынау біздікі» десе, не айтамыз? Егер ол жинамаса, санасы жетпесе, сондай ақымақ болса, үйін шашылып жата бермейді ғой. Жинайсын бәрібір. Ал енді мен жастарға айтқан болатынмын, жеңгелерінмен, келіндерінмен ерегісіп, сен жинамасан, мен жинамаймын, ол жақсы нәрсе емес. Ертең сен де келін боласын. Сондықтан келіндерді құл боп жұмсап, боқтап, қойыңыздар осы нәрсені», ― деді ол.