Белгілі әнші Сейіл Аяған өмірден озды

Әнші, композитор Сейіл Аяған 52 жасқа қараған шағында кенеттен дүние салған, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды.

«Жалған өмір-ай. Аңқылдаған азамат, белгілі әнші Сейіл Аяғанов ағамыздың дәм-тұзы таусылыпты. Алла алдынан жарылқасын!» ― деп жазды Қуаныш Аманқұлов.

Сейіл Аяған «Жас қалам», «Таң самалы», «Бала махаббат», «Жіберілген хат», «Қандай сұлу дүние» және тағы да басқа хит әндердің орындаушысы.