Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жеке өміріндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бағдарлама жүргізушісінің: «Көп дүниеден бас тартып, өзіңізді бос жіберіп, ессіз ғашық болғыңыз келмей ме?» деген сұрағына Динара: «Әйел адам еркелету, аялау үшін жаратылған. Менің жұлдыз жорамалым бикеш болғандықтан ба, бәрін өзім жасап, бақылауда ұстағанды жақсы көремін. Бірақ бұл мінезіммен күресіп жүрмін. Мен ғашық болып қалған сияқтымын. Ойымдағы адамды кездестірдім деп ойлаймын. Ол жан да бұл туралы біледі деп үміттенемін. Мен сондай қиын адаммын. Бұл сезімді түсінуіме, оны слыстырып, ой елегінен өткізуіме біраз уақыт кетеді», – деп жауап берді.
Тележүргізуші тұрмысқа шығуды армандайтынын жасырмады.
«Менің інім Рауан үйленгенде менің ұлым Даниял онымен бірге жүрді. Гүл шоқтарын ұстаған ұлымды көргенде келесі кезек менің баламдікі екенін түсіндім. Содан соң одан «Сенің алдыңда мен тұрмысқа шығып кетсем бола ма?» деп рұқсат сұрадым. Егер тұрмыс құрсам міндетті түрде өзім айтамын. Тұрмысқа шығу ойымда бар. Бірақ 20 жаста күйеуге шыққан бір басқа, 40 жаста тұрмыс құру мүлде бөлек. 20 жасың да сен барлық жауапкершілікті күйеуіңе жүктейсің. Ал 40 жасқа келгенде өзіңе: «Осы адаммен бірге қартайғың келе ме?, Дәл осы жанмен теңіз жағасында серуендегің келе ме?» деген сұрақтар қоясың», – деді Динара.