«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деп әндеткен шіркеу пірадары мен оқушылардың салған әні жұрттың таңданысын тудырып отыр. Бұл нендей іс-шара немесе діни рәсім екендігі және нақты қай жерде болғаны белгісіз, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
«Қазір Михаил әке мен мектептің қыздары ана туралы ән шырқайды», ― дейді жиынды жүргізіп отырған жүргізуші.
Осылайша, күтпеген жерден қазақ сазгерінің танымал әні христиандар құлшылық ететін орында шырқалады.
Айта өтейік, «Анашым» атты әннің авторы: Марат Омаров, сөзі: Қайрат Жұмағаливтікі. Көпшілікке аталмыш туынды Нұрлан Өнербаевтың орындауында жақсы таныс.