Соңғы уақытта Ерке Есмаханның атағы аспандап, жеке өмірі елдің қызу талқысында. Танымал әнші осы сәтті ұтымды пайдалануды қаласа керек, енді аруларға арнайы курс ашып, өмірден көрген-түйгенімен бөліспекші, деп хабарлайды Экспресс К.
Таяуда ғана өзінен 12 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан Ерке дәл қазір жолдасы RaiM екеуі Дубайда бал айын өткізіп, еш алаңсыз махаббаттың рахатына бөленіп жатқанын жазыпты.
Сондай-ақ Ерке Есмахан өзінің жеке парақшасында тың жаңалығымен бөлісті.
Ол енді қыз-келіншектерге ақылы түрде курс өткізетінін хабарлаған.
«Тамақтанып отырып ой келді. Ол ойды миыма салған — сіздер. Шынымен неге маған курс жасамасқа? Әсіресе, арулар қауымына айтарым бар сияқты. Және махаббат хикаяммен бөліссем, қалай ойлайсыздар?» — деді Ерке Есмахан.
Айта кетейік, бұған дейін келіндік міндетіне кірісіп кеткен Ерке Есмахан ата-енесі өзін қалай қарсы алғанын айтты.