Айнұр Тұрсынбаевамен бір сағаттық кездесу – 300 мың теңге

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ақпан айында әйелдерді Стамбұлға жинап, психологиялық тренинг өткізбекші, деп хабарлайды «Экспресс К».

Фото: instagram/aidyn_nury

Бұл, әрине, тегін емес. Тұрсынбаеваның әр күні, әр сағаты көп ақша тұрады. Ол Instagram-дағы парақшасына бәрін тізбектеп жазған.

Қабылдауда болғысы келетін әйелдер 3 күн психологпен кездеседі. Айнұр Тұрсынбаеваның вилласында болып, 3 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі.

Ал тек бір сағаттық косультация алу 300 мың теңге тұрады.

«Ретриттің құны 2 мың доллар (921 мың теңге). Үш күн бойы жеке және топтық талдау болады. Стамбұлда тұрақты жерлері бар адамдарға жеңілдік қарастырылған», — дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Ретрит деген бір сәт қоғамнан оқшауланып, өзімен жұмыс істеу. Мұның құны Айнұр ханымда 2 мың доллар тұратыны жоғарыда айтылды.