Жақында киноға түскен әнші түсірілімдегі әріптестерімен тележүргізуші Тимур Балымбетовке сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тимур Балымбетов өзінің Instagram-дағы парақшасында сұхбаттан үзінді жариялады.
Ол әншіден: «Тұрмысқа шыққалы жатқаның рас па?» деп сұрады.
Жанар тойдың ауылы алыс емес екенін айтып, күйеуге шыққалы жатқанын растады. Тележүргізуші таңданысын жасыра алмай, өнер иесін қуанышымен құттықтады. Бағдарлама жүргізушісінің: «Бұл жаңалықтан хабардарсыздар ма?» деген сауалына Жанардың кинодағы әріптестері: «Жоқ» деп жауап берді.