Алуа Қонарова көпшіліктен Түркиядағы жапа шеккен халыққа жасаған көмектерін жұртқа жария етпеуді сұрады

Отандық продюсер Алуа Қонарова Түркиядағы апатты жағдайға байланысты зардап шеккен адамдарға көрсетілетін көмекті көзбояушылыққа айналдырмауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: comode.kz

Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жапа шеккен халыққа көмектесіп жатқанын камераға түсіретін жандарға үндеу тастады.

«Жарайсыңдар, Түркия халқының қайғысына ортақтасып, қолдан келгенше көмек қолын созып жатырсыңдар. Бірақ, өтініш, көмекті көзбояушылыққа айналдырмаңдаршы. Осы бір сәтте хайп жасап керек емес. Өте жаман көрінеді. Көмектесіп жатқандарыңды камераға түсіру – дұрыс емес. Бұл дұрыс емес. Сендердің жақсылықтарыңды өзгелер айтсын», – деп жазды ол.