Танымал актриса, блогер Анар Батырхан болашақ жарына қоятын талаптарын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
«Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат берген әртіс еш жағдайда да ауылдың жігітіне тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді.
«Жасым 30-ға келді. Бірақ қанша жерден сүйіп қалайын, ауылдың жігітіне тұрмысқа шықпаймын. Талабым сондай. Себебі ауылдың жағдайына шыдамаймын. Кішкентайымнан қалада өстім, сондықтан Алматының жігіті керек. Тіпті басқа қалаға да көшпеймін», — деді әртіс.
Сондай-ақ ол болашақ күйеуінің табысы қандай болуы керектігі туралы да сөз қозғады.
«Тағы бір талабым — менің болашақ жарымның табысы менен бірнеше есе көп болуы тиіс. Әйелінен аз табатын күйеуді еркек деп айта алмаймын. Қазір мен айына 5-6 миллион теңге табамын, демек күйеуімнің табысы осыдан кем болмауы керек», — деді Анар Батырхан