«Қандай зияным тиді?»: Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Отандық актриса Дариға Бадықова өзін сынаған көпшілікке жазба арнады. Өнер иесі әлеуметтік желіде өзі жайлы жазылған теріс пікірге жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dariga_badykova

«Жалпы TikTok желісіне көп кірмеймін. Кеше өзім жайлы «Осыдан басқа актриса жоқ па?», «Барлық фильмде жүреді екен» деген пікір оқыдым.

Мен жыл сайын түсірілетін жаңа фильмдерге түсіп жүрген жоқпын. Қолымнан келгенше таңдап, тек өзіме ыңғайлы образбен көзге түсудемін. Фильмдер бірнеше бөліммен, маусымдап түсірілетін болғасын көп сияқты көрінетін шығар.Тағы «Келіннің образын көп ойнайсыз» дейсіздер.

Айсарадан басқа қандай келінді ойнадым? Көзге түсетіндей денем, күлкім, есте сақталатын рөлдерім бар. Бадықова көп емес қой. Мені құртып не қыласыздар? Қандай зияным тиіп жатыр? Біреуге жаман нәрсе айтуға болмайды, жақсылық тілейік»,  — деп жазды актриса Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дариға Бадыкова (@dariga_badykova)