Айгүл Иманбаева тағы да пластикалық ота жасатты

Танымал әнші Айгүл Иманбаева көзін үлкейту үшін блефаропластика жасатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: instagram/aigul_imanbayeva

Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында пластикалық хирургтың көмегіне жүгінетінін мәлімдеді. Өнер иесі ота жасатпас бұрын жылдап дайындалған.

«Блефаропластикаға бара жатырмын. Ақыры жасатуға бел будым. 40 жастан кейін сиқырлы таяқша жоқ», – дейді әнші.

Ота жасап болғаннан кейін ол әсерімен бөлісті. Сондай-ақ, оқырмандарына оның нәтижесін көрсететінін айтып, уәде берді.