Танымал шоу-бизнес өкілдері бірнеше жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Олар әдетте заман ағымына сай трендтегі сұлулық процедураларын жасады немесе шаш үлгісін өзгертеді. Massaget.kz тілшісі қазақстандық өнер иелерінің ескі суреттерін жинап, олардың қалай өзгергеніне шолу жасады.
Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова қолданушылармен 15 жыл бұрын түсірілген суреттерді бөлісті. Қайрат Нұртастың шаш үлгісі айтарлықтай өзгермеген. Бірақ әнші енді ел алдына көзілдіріксіз шыға бермейді.
«Бүгін үйдегі архивтерді ақтарып отырғаным ғой. Мына суретте 10 жыл бұрын», ― деп жазған Гүлзира Айдарбекова суреттің сипаттамасына. Бұл жазба 2017 жылы жарияланған еді.
Танымал әнші Төреғали Төреәлі де жастық шағын еске алып, бұдан 15 жыл бұрын түскен суретін бөлісті. Жазбаны ол 2018 жылы жариялаған. Төреғали Төреәлі де сол қалпы, бірақ аздап салмақ қосқаны көрінеді.
«Бұл 10 жыл бұрынғы сурет. Кімді таныдыңыздар?» - деп жазған ол.
Жеңіс Ысқақова
Әнші Жеңіс Ысқақова да Желіде ерекше мұрағат суретін бөліскен еді. Ол оқырмандарына 20 жыл бұрын қандай болғанын көрсетті. Өнер иесінің шаш ұзындығы сол қалпы, бірақ түсі мүлде басқа. Сондай-ақ, ол қасының формасын аздап өзгерткен.
Шахизада
Әнші Шахизада әлеуметтік желіде естелік фотосын көп жүктеді. Мәселен, мына суретте ол МузАРТ тобы және Роза Рымбаевамен түскен. Бұл жазбаға әнші 2005, 2010, 2015 жыл деген хэштег қойған. Өнер иесінің енді кекілі жоқ, кейінгі суреттерде оның шашы басқа түске боялғаны байқалады.
Димаш Құдайберген
Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков
«Күзде туған Тоқтар мен Мейрамбектің 18 жас деп, жасаған туған күндерінен естелік. 1994 жыл. Алматы қаласы. Тоқа жасарғысы келді ма, 19-ға толса да, жоғарыға 18 жас деп жазылғаны әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалды», - дейді термеші.
Балғынбек Имашев, Ринат Зайытов және Айнұр Тұрсынбаева
«Париж. 2008 жыл. Франция. Жүрсіннің жүйріктерімен. Муленружға концерт көремін деп, жұрттан қалып қойып, жергілікті адам сияқты таксимен барғанымды қайтейін?! Естелік 15 жыл бұрын», - деп жазған ол.
Айтыскер ақын қасының формасын өзгерткен. Оның орамал таққанына да біраз болды.
Роза Рымбаева
Желіде Халық әртісі, әнші Роза Рымбаеваның суреттері жетерлік. Өнер иесі Желідегі парақшасында мұрағат фотоларын жүктеп, оқырмандарын қуантады. Мына видео 1984 жылы түсірілген.
«Алматыға алғаш келіп, оркестрмен бірінші рет ән орындаған кезім», - деп жазған ол.
Мақпал Жүнісова
Ел еркесі, әнші Мақпал Жүнісова 42 жыл бұрын түсірілген суретті бөлісті. Онда ол 17-де.
«1981 жылғы жаз, менен басқа кімді таныдыңыздар?» - деп жазған әнші.
Желі қолданушылары бірінші қатарда оюлы көйлек киген Мақпал Жүнісованы бірден тани кеткен. Одан басқа, суретте Сейдолла Байтереков, Шөмішбай Сариев, Мұхтар Шаханов, Сайын Мұратбеков, Сәкен Жүнісов, Көпен Әмірбеков бар.
Ерке Есмахан
Айгүл Иманбаева