«Орыс тілінде сөйлегенім үшін»: Жансая Әбдімәлік мектептегі буллинг туралы айтты

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желіде оқырмандарына өзіне мектеп кезінде жасалған буллинг туралы айтып берді.

Фото: FIDE

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

«Иә, меніңше, әр адам өмірінде бір рет болсын осымен кездесестін секілді. Маған буллинг қазақшадан гөрі, орыс тілінде көп сөйлегенім үшін жасалған және мектептегі сыныптастарыма менің қашықтан оқығаным кері әсер еткен, олар мені демалып жатыр, өздері оқып жатыр деп қабылдады. Негізі мен күніне 6-7 сағат дайындықта болдым, оған қоса 2 сағат спортпен айналыстым. Қысқасын айтқанда «қызық» болды. Ең жақсысы осылардың бәрі мені алаңдатқан жоқ, өзімнің ісімді әрі қарай жалғастыра бердім», – деп жазды шахматшы қыз Instagram әлеуметтік желісінде.