Дастан Оразбеков: «Қолымызды бір сілтеп, ажырасуға дейін барған кезіміз болды»

Танымал отандық әнші Дастан Оразбеков отбасылық құпиясын бөлісті. Өнер иесі жұбайы екеуінің ажырасуға дейін барған сәті болғанын Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/dastanello

«Мен де, жұбайым да қызғаншақпыз. Бірақ қызғаныштың орны, шегі болады. Әйелім қызғанышқа себеп болатын әрекетке жол бермейді. Жұбайым біреумен құшақтаспақ түгілі, өзгемен билемейді де.

Көрсетпесем де, мұнысы маған ұнайды. Ал менің тыңдарманыммен кері байланысым, қарым-қатынасым қызғанышқа себеп болатыны сөзсіз. Бірақ, шынайы махаббат болса, көп нәрсеге төзесің. Махаббат барда көп дүниеге кешіріммен қарайсың.

Қандай жағдай болсын түсінуге тырысасың. Жұбайым екеуіміздің жанымыз егіз. Өзара келіспей қалатын кезіміз де болады. Бірақ бұл кикілжіңдер болмаса, біз бір-бірімізді толықтыратынымызды түсінбес едік. Мен - оңтүстіктің жігітімін. Ол - Қостанайдың қызы, тік мінезді.

Уақыт пен тәжірибе бәріне үйретеді. Әрине, қарым-қатынасымызда қиындық болады. Кез келген отбасыда қиындық болады деп ойлаймын. Қолымызды бір сілтеп, ажырасуға дейін барған кезіміз болды.

Бірақ мен онсыз не істеймін? Ол жанымда болмаса, маған қиын. Әйеліме күніне бес-алты рет хабарласамын. Егер таңертең оянғанда мен оның жанынан табылмасам немесе ол менің жанымда болмаса, бірінші кезекте бір-бірімізге хабарласамыз», — деп айтты Дастан Оразбеков.