Жанель Мақажанның жүктілік жайлы видеосы ғаламторды жылатты

Актриса өзінің жүкті екенін күйеуіне ерекше жеткізді, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: Скриншот видео

Жанель отағасын дастарханға отырғызып торт пен сәбиінің атынан хат жазып сыйлады.

«Әкешім, Алла анашым екеуіңіздің дұғаларыңызды қабыл етті. Мен сіздерді көруге асықпын. Сізге деген үлкен махаббатпен, сәбиіңіз», – деп жазылған хатта. Осыған арнайы видео түсірген актриса күйеуіне көрсетті.

Қуанышты хабарды естігеннен кейін жұбайы Абай көз жасына ерік берді. Актрисада эмоциясын ұстай алмады.

«Бисмилләһ, Құрметті достар, сүйінші хабарымызбен бөліскіміз келіп отыр. 1,5 жыл дұға етіп, күткен Алланың сыйы бізге нәсіп етілді, шүкір! Бізге тілекші болған әрбір жанға алғыс айтамыз! Бала сүйгісі келетін әрбір жан, шын жүректен сіздерге де жұғысты болуын тілейміз», - деді актрисаның күйеуі.

Ерлі-зайыптылар бұл сәбиді ұзақ күткенін жасырмады.