«Құдаша» халық әні Қытайда да трендке айналды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі орта мектептер мен колледждердегі оқушылардың, жоғары оқу студенттерінің біздің Музыкалық жас көрермен театры артистерінің орындауындағы «Құдаша» әнін - мерекелік кештерде сахналық композиция, флешмоб жасап жатқанын көріп сүйсінсек, бүгін Қытай Халық Республикасының мектеп оқушылары мен студенттерінің арасында да трендке айналған видеолары тарады.
Айта кетейік, «Гауһартас» музыкалық драмасындағы орындалатын әндер - премьера болған күннен бастап көрермен жүрегінің төрінен орын алды.
Әсіресе, халық әні «Құдаша» - айналасы 2-3 аптаның ішінде инстаграм, Tik-Tok секілді әлеуметтік желілерде миллиондаған тыңдарманның назарына түсіп, актуальды туындыға айналып шыға келді.