Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова осыған дейін екі рет некеде болып, өмірге ұл мен қыз әкелді. Өткен некелері сәтсіз аяқталған өнер иесі жүрегін біреуге сеніп тапсыра алатынын «1001 түн» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама жүргізушісі әншіден «Жүрегіңізді сеніп біреуге тапсыра аласыз ба? Әлде қорқыныш, үрей басым ба?» — деп сұрады.
Ал әнші сұхбат барысында үмітін үзбейтінін айтты.
«Тапсыра аламын деп ойлаймын. Неге десеңіз, мына жақ сәтсіз болды екен деп, әр адамды бірдей көруге болмайды. Иә, ол адам сондай болды. Оңай қия салды. Мүмкін, оған «Солай істе» деп айтты. Тепсе, темір үзер қазақ жігіттері көп қой. Барлығы сондай деп айта алмаймын. Мен үмітімді үздім, болды, жоқ, түбегейлі деп айтпаймын. Бұйрық Алладан, тағдырыма не жазылады, маған не бұйырады, сол болады», — деді Мөлдір Әуелбекова.