Мәдина Сәдуақасова Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында көкейінде жүрген арман-тілегімен бөлісті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көптен бері сәби сүйгісі келетінін айтқан эстрада жұлдызы ішкі сырын ақтарды.
«Шіркін, босануды, жүкітлікті, сол сезімдерді Алла маған тағы да бұйыртса екен. Екінші баланы дүниеге әкелгім келеді. Сәби сүю үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын. Бар мүмкіндікті пайдаланып, тоқтамай жұмыс істеудемін. Нақты тоқталмай-ақ қояйын, ол – әйелдің жеке мәселесі. Қай жағынан алып қарасаң да өте қиын, оңай емес», – дейді Мәдина.
Әнші балаға қатысты сұрақтарды жиі қойғанда ашу қысатынын да жасырмады.
«Неге босанбайсың? Неге екінші бала тумайсыз? Уақыт өтіп жатыр» деп жатады. Бұл менің ең жек көретін сұрақтарым. Ол бұйрық. Егер Алла бұйырып тұрса, сондай бақыт сыйласа мен қуана-қуана қабыл аламын, ол баланы дүниеге әкелемін. Бірақ әзірге ешқандай өзгерістер жоқ. Әнуарға аяғым ауыр кезде мен ешқандай сурет жүктемедім. Менің жүкті кезімді Қарақаттан басқа ешкім көрген жоқ. «Өзіңіз босандыңыз ба? Өзіңіз көтердіңіз бе? Суррогат ана болды ма?» деген сұрақтар жиі қойылады.
Қарақат – менің жанашырым. Мен Әнуарға аяғым ауыр кезде ол төрт баланы анасы болатын. Қарақатты мықты әйелдердің бірі деп айта аламын», – дейді өнер жұлдызы ақтарыла.