Өткен демалыс күндері отандық әнші Жанар Дұғалованың ұзату тойы өтті. Өнер иесі өмірлік жары етіп таңдаған азаматтың видеосы желіде тарап кетті.
Жанарды өнердегі әріптесі Мәдина Сәдуақасованың өзі ұзатты.
«Жанар Дұғалова ұзатылды. Астананың келіні атанды. Енді Ілияс, қондырған құсың құтты болсын! Бақытты болыңдар, шын жүректен құттықтаймын!» – деп жазды Сәдуақасова.
Алайда кейбір желі қолданушылары оның көйлегін сынға алды.
«Мадина ақ көйлек кимеу керек еді. Ол этикаға жатпайды. Тойда қалыңдық ғана ақ көйлекте болу керек», «Жанар емес, Мадина тұрмысқа шығып жатқан сияқты», «Жанар, Мадина қазақтың сұлу қыздары», ― деп жазды видео астында.