«Тұмсықтыға шоқтырмайтын мен бармын»: Гүлзира Айдарбекова ұлына әсерлі жазба арнады

Белгілі продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлына қолдау білдірді. Хитменнің анасы тұңғышына Instagram парақшасында әсерлі жазба арнады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

«Қашан да қолдап, қорғап жүретін, махаббатына бөлеген қаншама халқың бар. Бақыттысың, ұлым! Еңбегің еселене берсін! «Тұмсықтыға шоқтырмайтын, қанаттыға қақтырмайтын мен де бармын» деп жазып кетсем қалай болады өзі», — деді продюсер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін белгілі әнші Динара Әлжан Қайрат Нұртасқа казинода көлігін бергенін айтқан болатын.

Алайда бұл ақпаратты Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова жоққа шығарды.