«Салым салмадым, бірақ жерден іле аламын»: Ауылда көкпар тартып жүрген өжет қыз

Алматы облысы Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылында көкпар тартып жүрген 15 жастағы Алтынай есімді қыз желі қолданушыларын, табиғи көркімен, күлімдеген жүзімен баурап алды, деп хабарлайды ztb_kazakhstan. 

Фото коллаж: massaget.kz

Бұл туралы фотограф, режиссер Ернар Алмабек өзінің Instagram парақшасында видео жариялап, жазбамен бөлісті.

«Көп бозбаланың ішінде атқа мініп жүрген жалғыз қызды көргенде көрерменнің бірі болар деп мән бермегем. Көкпар басталғанда әлгі қыз додаға кіріп кеткені… Әрине, жігіттер сияқты ұзақ шаппады. Бірақ осы әрекетінің өзі тамсануға тұрарлық. Есімі Алтынай екен. Жасы 15-те. Демалып тұрған сәтін пайдаланып, суретке түсіріп алдым», — деді Ернар Алмабек.

Өжет қыз Алтынайдың айтуынша, оған көкпар тартқан ұнайды, әрі қызығып жүргеніне бір жылға жуық уақыт болған.

«Көкпарға қызығып жүргеніме бір жылдай болды. Салым салмадым, бірақ жерден іле аламын. Әкеммен басында еріп алған болатынмын. Содан кейін әкем «қыз баласың, қой, барма!» деген. Бірақ өзімнің сұрауым бойынша барамын дедім. Содан бардым», — деп бөлісті Алтынай.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿ZTB.KZ (@ztb_kazakhstan)