Түркістанда қазақ тілінен сабақ беретін орыс қызы тұрады

Түркістан қаласында қазақ тілінен сабақ беретін орыс қызы тұрады. Жас педагог Наталья Григорьева еліміздің әрбір тұрғыны ұлтына қарамай мемлекеттік тілді білуге міндетті деп санайды. Әрі қазақ ақындары мен жазушыларын сүйіп оқиды екен.

Жүрегі «қазақ» деп соққан орыс қызы жайлы толығырақ Turkistan24 жаңалықтар қызметі баяндайды.

Наталья қыздың тілі қазақша шықты десек болады. Оған бала кезінен бірге өскен көршілері себепкер болған. Түркістанда туып өскен сары қыз қаладағы Некрасов атындағы мектепте орыс сыныбында білім алады. Сол кезде алғырлығымен ұстаздарының назарына ілігеді. Қазақ тілінен түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Бүгінде бой жеткен Наталья гуманитарлық колледжді қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап өзі білім алған мектепте ұстаздық етуде.