«Келін болғаныма 27 жыл»: Қайын жұртына сәлем салған Жазира Байырбекова көпшілікті сүйсінтті

Отандық әнші Жазира Байырбекова көпшілікке қайын жұртын көрсетті. Күйеуінің әулетіне сәлем салған өнер иесі желі қолданушыларын сүйсінтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Әнші бұл жайлы Instagram парақшасында жазды.

«Біздің әулет. Бұл әулетке келін болғаныма 27 жыл болды. Аралға келдік», — деп жазды әнші.

Видеодан Жазира мен Жанболаттың ұл-қызын ертіп, Аралдағы туыстарына барғанын байқауға болады.

Әнші Жазира Байырбекова видеода күйеуінің туыстарына сәлем салады. Ал желі қолданушылары әншінің әрекетіне сүйсінгенін жасырмады.

«Керемет көрініс; Қандай керемет? Қанша жұлдыз болсаңыз да, өз жарыңыздың әулетінде келін екеніңізді күшті көрсеттіңіз; Барша келін осындай болса екен; Жарайсыз, — деп жазды желідегілер.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)