Гүлзира Айдарбекова 55 жасын дүркіретіп атап өтті

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова туған күнін дүркіретіп атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: .instagram.com/zangaar

Қуанышты күннен түрлі фото мен видеоны продюсер парақшасында бөлісті. Гүлзира Айдарбекованың ұлы Қайрат Нұртас анасына ән арнаған.

Гүлзира Айдарбекованың туған күн кешін танымал әзілкештер Қайрат Әділгерей мен Елдос Қадірханов жүргізген.

«Көз жасыңыз тек қуаныштан болғай!» — дейді продюсердің ұлы Заңғар Нұртас.

Әнші Қайрат Нұртас та анасына әсерлі жазба арнаған.

«Анашым жасына жас қосты деп қуансам да, самайына түскен ақ шашын көріп, жүзіне уақыт салған әжімді көріп қасымда ұзақ жүрсе екен деп тілеуін тілеймін. Себебі өміріме де, өнеріме де жолдама берген адамнан артық қандай байлығым бар менің?! Қасиетті рамазан айында Алла осы байлығымнан айырмашы деп дұға тіледім. Әкем үйдің тірегі, анам әулеттің жүрегі», — дейді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)