«Бірінші тауық жаралды ма, жұмыртқа жаралды ма?»: Қабылбек Әліпбайұлы сұрақтың нүктесін қойды

Уағызшы Қабылбек Әліпбайұлы көптің басын қатырған сұраққа жауап берді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Фото: pexels

Танымал уағызшы Қабылбек Әліпбайұлы көптің басы қатқан сұраққа нақты жауап беріп, нүктесін қойды.

«Бірінші тауық жаралды ма, жұмыртқа жаралды ма дейді, жұмыртқа десе, тауықтан шықты дейді. Ал, тауық десе, жұмыртқадан шықты ғой дейді. Кольцо дейді. Айналып жүре береді. Содан мұсылмандар айтады: Алла Тағала бірінші тауықты жаратты. Шиқылдап жүріп, жұмыртқаны туды дейді».

Мұндай сұрақтармен уақытысында гректің философтары философиялық шайтани сұрақтармен айналысқан, дейді ұстаз.