Исламтанушы ұстаз Айдос Шарапатбекұлы мешітті таза ұстайтын кішкентай бүлдіршін туралы айтты, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Видео TikTok желісінде 2 млн астам қаралым жинады.
Баланың анасы мешіт тазалайды екен. Мұратбек анасына көмектеседі.
«Мешітіміз таза тұрса, Мұратбектің соның ішінде 50/50 үлесі бар. Тарауихқа шығып жатқанда күніге бір жағдай қайталанады. Біз намазға кетіп бара жатсақ, басқа балалар шашып жүрген нәрсесін бұл жинап жүреді. Ол да бала ғой, ол да балалық істейді. Мына қолындағы пылесосына су құйып алып, біз намаз оқуға кетіп бара жатқан кезде астын тазалау үшін. Біз намаз оқып болғаннан кейін артымыздан келіп тағы тазалайды. Яғни біздің істей алмай жүрген нәрсемізді істеп жүр. Алла разы болсын!» ― деді Айдос ұстаз.
Қадір түніне мешітте жиналғандардың алдында ол бүлдіршінге сыйлық жасады. Жұрт баланың еңбекқорлығына тамсанды.