Пойызда ән салған жолсерік әйел жұртты таңқалдырды

Қазақстандық жолсеріктің пойыздағы әні Желі қолданушыларын тамсандырды, деп жазады el.kz.

Сұлу да сымбатты жолсерік әлеуметтік желі қолданушыларын дауысымен таңғалдырды. Пікір қалдырушылар қыздың «мамандықтан шатасқанын» жазып жатыр.

Видеодағы кейіпкердің есімі Ақылзат Сейтжапар, жасы 40-та. Әйелдің екі баласы бар - 19 жастағы қызы және 18 жаста ұлы бар. Екеуіде Астанада грантта оқиды. Ақылзат Таразда дүниеге келген, алайда отбасымен Астанада тұрады және 13 жылдан бері жолсерік болып қызмет етеді.