«Бала босанған жалғыз сен емессің»: Баян Алагөзованың шәкірті күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

Баян Алагөзова продюсерлік еткен «Лашын», «Kesh You» сынды топтың бұрынғы мүшесі Элизат Берікова «Қыздар-ай» бағдарламасында бірінші күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін түсіндірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: instagram/elizaberikova007

Экс-әнші жар таңдағанда ер азаматтың бойындағы шынайылық қасиетке баса мән беру керек деп санайды.

«Ол адам шынайы болса, сенен ештеңе жасырмайтын болса, одан еш күмәнданба. Өйткен барлығы сол қасиетке байланысты. Қарым-қатынас кезінде ақиқат айтылмай қалса, оның аяғы дауға айналады. Тұрмысқа шықпас бұрын алдағы жоспарларыңмен бөлісіп, басын ашып алған дұрыс. Біздің арамызда ондай әңгіме болған жоқ. Күйеуге шыққан соң мен көп киноға, түсірілімдерге шақырды. Бірақ күйеуім қарсы болды. Көп ұсыныстан бас тартуыма тура келді. Бір жағынан, жүкті болдым, босандым. Мені «жаңа босандың, бала аяқтанып алсын» деп тоқтатты», –дейді Элизат Берікова.

Элизатты бұл тығырықтан анасының қолдауы алып шыққан.

«Мен бір фильмге шақырту алдым, мені тағы да күйеуім жібермей қойды. Сөйтіп анамнан ақыл сұрағанда: «Бала босанған жалғыз сен емессің. Бар да, жұмысыңды істе. Қарай алмай жатсаң, маған әкеп таста, мен қараймын» деді. Ол кезде менің босанғаныма 25 күн болатын. Сөйтіп қолыма кішкентай баламды алып, түсірілімге бардым. Күйеуіме жұмысымды тастамайтынымды айтып, өз талабымды қойдым. Оған бола айқай-шу болмады, дәлірек айтсам, мен дау-жанжалға жеткізбедім. Есесіне, отбасылық өмірден келін болуды, тамақ жасауды, жылдам дастархан жайып, қонақ күтуді үйрендім», – дейді әнші.

Бұған дейін өнер иесі екінші рет тұрмыс құруға қорқатынын айтқан болатын.