«СК-Фармация» басшысы: Дәрі-дәрмек қымбаттайды

Бағаның өсуіне таңбалау себеп болады. Алайда, цифрландыру ресми дистрибьюторлар мен Үкімет үшін тек пайда әкеледі. Осы және өзге де жаңалықтар телемедицина форумында талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Фото: unsplash.com

Дәрі-дәрмек бағасы қымбаттайды, алайда, үлкен өсім күтудің қажеті жоқ, дейді «СК-Фармация» басқарма төрағасы Ренат Есқалиев.

Оның айтуынша, штрих-код үшін үстемақы төлеу денсаулықты күту жолында түк те емес. Біріншіден, дәрі-дәрмектің өндірушіден науқасқа дейінгі бүкіл жолын бақылауға мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл контрафактілерден қорғайды.

«Шын мәнінде, біз бәріміз цифрландыруға мүдделіміз. Бұл – процестердің ашықтығына кепілдік»,— деп атап өтті Ренат Есқалиев.