«Нағыз әже»: Роза Рымбаева немересімен серуендеген сәтті желіге жариялады

Халық әртісі Роза Рымбаева биылғы жылдың ақпанында әже атанған болатын. Өнер иесі Instagram желісінде немересімен серуендеген сәттің сурет жариялап, көпшілікті қуантты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/rozarymbaeva

«Немереммен табиғат аясындағыс серуен», — деп жазды Роза Қуанышқызы.

Ал желі қолданушылары Роза Рымбаеваның немерелі болғанына қуанышты екенін білдіріп, ақ тілегін жаудырды.

«Немереңіздің қызығын көріңіз», «Әли мен Мәдидің тәрбиесі өте мықты. Зейінге де керемет әже болатыныңыз айдан анық», «Қазақтың Розасы аман болыңыз», «Немереңіз көбейсін. Шөбере сүйіңіз», «Мәдиге де ибалы қыз бұйырсын», «Басқаларға үлгі, зиялы отбасы», «Нағыз әже», «Жарасымды», — деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Қуанышқызы биылғы жылдың ақпанында немерелі болған еді.