Қытайдан келген қандас: «Қазақстанда орыс тілін үйрену керек»

Қазақстанға келгісі келетін қандастарымыздың өзі орыс тілін үйренгісі келеді. Бұл туралы жазба Twitter желісінде жарияланды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Фото: Владислав Воднев/ Sputnik

Жазбаны қалдырған адам елімізде орыс тілін үйренуге мәжбүр болған Қытайдан келген қандас деген болжам бар.

«Мына орысша өлеңді қалай жаттаймын? Өмір-ай неткен қатал еді. Қазақстанда жүрсек те орыс тілін білмесең күн көре алмайсын. Мен үшін бұл тығырықтан шығудын жалғыз жолы», ― делінген жазбада.