Блогер Әсел Асқар анасының өз жасынан әлдеқайда жас көрінетінін айтып мақтанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Анам 58 жаста, бірақ 40 жастағы келіншек сияқты. Қуыршағым менің. Анамды өзінің жасынан әлдеқайда жас көрінетіні үшін мақтан тұтамын. Әйел қай жаста да әдемі. Бұл бейнежазба арқылы көп адамға «өзіңді жақсы көр, өзіңе күтім жаса» деп айтқым келеді. Боянуға, әдемі көйлек киюге ерінсеңіз, «не үшін? кім үшін?» деген ой келсе, есіңізде болсын, сіздің талпынысыңызды бағалап, сізге қызыға қарайтын адам табылады. Менің анам Моника Беллучиге ұқсайды ма?» – деп жазба қалдырды Әсел Асқар.
Әнші Бүркіттің әпкесі сұлулығымен желі қолданушыларын таңғалдырды.
«Мама Моника», «Мен де 58 жасымда осылай жас көрінгім келеді», «Сұлусыз», «Анаңыз сұлу екен», «Әп-әдемі, жап-жас», «Бәрін есінен адастырды-ау», «Сұлулық символы», – деп жарыса жазды желідегілер.