Жанар Айжанова қызына көкейіндегі сұрақтарды төтесінен қойды

Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында анасымен жүргізген қысқаша видео сұхбатын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/@aizhuldys_adaibekova

Қазақстандық әнші, актриса Жанар Айжанова Айжұлдыз Адайбековаға кімді көбірек жақсы көретіні жайлы сұраған кезде ол «Назарды» деп жауап берген. Сондай-ақ Жанар Айжанова оның қызы соңғы рет қашан үй жинағаны туралы сұрақ қойған.

«Клинингтік компания жинады», — деп жауап берді Айжұлдыз.

Жанар Айжұлдыздан ең сүйікті дайындайтын тамағы туралы сұраған кезде блогер «жұмыртқа» деп жауап берген. Ал пісірілген бе, қуырылған ба деп нақтылағанда пісірілген жұмыртқа ғана жасай алатынын мойындады. Сұхбат барысында Айжұлдыз анасынан қорқынышты сұрақтар келмесе екен деп тілеп отырғанын айтты. Оған қоса Жанар соңғы рет анасына қашан ақша бергені туралы сұраған кезде жиі беретінін айтқан.

«Беремін ғой үнемі. Қашан да ақшалай, сыйлық ретінде беріп тұрамын », — деді Айжұлдыз.

Сонымен қатар Айжұлдыз жиі анасының атағын пайдаланатынын айтты.

«Әрқашан пайдаланамын. Тіпті мына контенттің өзін түсіру үшін пайдаланып отырмын. Мен сізді үнемі пайдаланып жүретін боламын», —деді ол. 

Сонымен қатар Айжұлдыз анасы түскен фильмдерді қарайтынын, бірақ Жанармен бірге фильмге түсуге дайын емес екенін айтты.

«Шынымды айтсам, арасында ең ұнайтыны «Әппақ келін» фильмі», — деді блогер.

Сұхбаттың қорытындысында Жанар Айжұлдыздан қашан күйеуге шығатыны туралы сұраған.

«Құдай бұйырған кезде», — деп жауап берді Айжұлдыз Адайбекова.

Желі қолданушылары Айжұлдыз Адайбекова мен анасының арасындағы ашық сұхбатына тәнті болып, әйел адамның міндетіне үй жинау, тамақ пісіру жатпайтынын айта отырып Айжұлдызға қолдау білдірді.

«Керемет. Үй жинағысы келмесе, жинайтын адам жалдай алады, күшті емес пе? Қыз өз-өзін қамтып, табыс тауып отыр. Егер мен де өзім жасамай, біреуге жасата алсам, менің енем бір ауыз сөз қарсы ештеңе айтпас еді», «Тамаша. Есесіне шындығын бүкпей айтты. Тамақтың түр-түрін істегенімен, өсектің түр-түрін айтатын да әйелдерді көрген соң, тамақ істей білу міндет емес екенін түсіндім. Ең бастысы адам болып қалу», «Тамақ жасай алмағанымен, елге көп пайдасы тиіп жүрген қыз-келіншектерді білемін», «Клинингтік компанияның қызметін пайдалану  — норма. Тамақ пісіре алмаса, пісіре алатын адамды жалдау, арасында сыртта да тамақтану — норма. Кім норма емес деп ойласа, өздері жасай берсін», — дейді пікір білдірушілер.