Мейрамбек Беспаевтың сырқатының диагнозы айтылды: «Қыздардың қарғысы тиген»

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгі әнші Мейрамбек Беспаевтың жақындары 15 жыл бұрынғы сырқаты туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фото: instagram/m_besbaev

«Мейрамбектің артынан шырылдап жүгірген қыздар. Мейрамбекке кім ғашық болмады? Осыдан 15 жыл бұрын Мейрамбек ауырды. Білесіздер ғой. Қатты ауырды. 80 келілік бала 20-25 келі салмақ тастады, Елдің бәрі анау ауру екен, мынау ауру екен, зобпен ауырады деп, қай-қайдағыны айтты. Мейрамбекке көз тиген. Жасыратын ештеңе жоқ, қыздардың қарғысы тиген. Не көз тиген, не қарғыс тиген», - дейді ұстазы Алтынбек Қоразбаев «Хабар» арнасындағы «Алғашқы» бағдарламасында.

Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Ержан Сәбитәліұлының әншінің емі ұзап кеткен. Сосын Жапонияға ота жасатпақшы болған.

«Сөйтіп, жапон мамандарымен үш ай бойы хат алмастым. Барлығын келісіп, шешіп қойғанбыз. Сосын. Қазақстанда осындай әнші, атағы бар деп жазған кезде олар: «бізге келмесін, ертең жауапкершілікті өз басымызға алуға қорқамыз» деп жазып жіберіпті. Емге алмай қойған да сәті болған», - дейді Ержан Сәбитәліұлы.

Ал әнші өзі бала кезден көп ауырғанын айтады. Әлі де жетісіп тұрғам жоқ. Екі күннің бірінде шынымен де қаралып тұруға тура келеді деп отыр.

«Кішкентай кезімде әйтеуір емшілер де көбейіп кетті. Бірақ мен өзім сенбейтін едім. Сонда да мені бір-екі рет емшілерге апарғанмын», - дейді Мейрамбек Беспаев.

Ауырған кезде 54 келіге дейін салмақ тастаған. Елдегі дәрігерлер қатерлі ісікке шалдықтың деп айтқан. Германияға барғанында профессор Блюм «зоб» екенін анықтаған.

«Сол кезде мені алдап жатыр деп ойладым.Шындықты айтыңыз, рак болса күресіп көрейін дедім. Мен алданып отырмайын, өтірік айтпаңыздар деп жалынды. Өтірік емес, шын екенін растады. Сөйтіп, алғашқы кезеңдерде бәрібір күресем деп ойладым», - дейді әнші.