Желіде Қонаев әкімінің қаладағы қарапайым асханада тамақ ішіп отырған видеосы тарады

Желіде Қонаев әкімі Нұрлан Құматаевтың қаладағы асханалардың бірінде тамақ ішіп отырған видеосы тарады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: Massaget.kz

Желі қолданушылардың айтуынша, видеодағы ер адам әкімге ұқсамайды және олар әкім мұндай қарапайым асханада ас ішуі мүмкін емес деп есептейді.

Облыстың баспасөз қызметі өкілдері Massaget.kz редакциясына видеодағы ер адамның Қонаев әкімі екенін растады.

«Шынымен де видеодағы ер адам - Қонаев қаласының әкімі Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы. Бұл жағдай демалыс күндері болған. Ол қаланы аралап болғаннан кейін ас ішуге кірген. Жанында орынбасары мен бөлім басшысы болған»,— деп жауап берді облыстың баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, Құматаев Нұрлан 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол - 2020 жылдан бері Қонаев қаласының әкімі.