Лұқпан Жолдасов өзінің шын есімінің басқа екенін мойындады

Белгілі әнші, сазгер Ұлықпан Жолдасов құжат бойынша шын есімінің кім екенін жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.

Фото: Ұлықпан Жолдасовтың Instagram-парақшасы

Бұл туралы әнші «Ұйқым келмейді» бағдарламасыда ағынан жарылып, есімінің кездейсоқ жазылып кеткенін ашып айтып берді.

«Умиксат деген есімнің мағынасы да жоқ, дүние жүзінде ондай есім жоқ. Төлқұжат алу үшін туу туралы куәлігімді тапсырдым. Он күннен келу керектігін айтты. Құжат алуға барсам, Умиксат деп жазып қойыпты. Орыс тілін білмеймін. Сонымен сол күйі қалды. Кейін өзгертейін деп едім. Бір үлкен кісі «Ұлықпан екі есімнің болғаны жақсы ғой. Көп нәрседен қорғайды» деді. Сонымен сол күйі қалып қойды»,— деді Ұлықпан Жолдасов.

Ұлықпан Жолдасов бұрын гитарамен ән шырқап, бірқатар әндерімен көрермен көзайымына айналған. Ол 2000 жылдардың басында «Тамаша» әзіл-сықақ театры арқылы елдің есінде ерекше әсер қалдырды. Кейін «Каспий» тобының құрамында өнер көрсетті.