Атақты жазушы Александр Герцен айтқандай: «Отбасы баладан басталады». Қазақстанда кемінде төрт баласы бар отбасы көпбалалы деп танылады. Десек те, елімізде бұл межеден асқан өнер адамдары бар, деп жазады esquire.kz.
Фото: instagram/ tursynbek_kabatov_resmi
Тұрсынбек Қабатов пен оның жары Мөлдір
Көрнекті шоумен, әзілкеш, жүргізуші Тұрсынбек Қабатов жұбайы Мөлдірмен үйленгеннен бері ерлі-зайыптылардың бес баласы дүниеге келді — үш қыз және екі ұл. Тележүргізушінің отбасындағы кенже ұл Райымбек 2018 жылы 23 желтоқсанда дүниеге келген.
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова
Қазақ эстрадасының танымал әншілерінің бірі Қайрат Нұртас актриса Жұлдыз Абдукаримовамен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Олардың отау құрғандарына 13 жылдан асты. Әнші ұзақ уақыт бойы отбасының бар екенін жұртшылықтан жасырды, бірақ 2017 жылдың ортасында желіде жұлдызды жұптың бірлескен фотолары пайда бола бастады.
Ерлан Көкеев пен оның жұбайы Анар
«АБК» және «К-7» тобының экс-әншісі Ерлан Көкеевтің отбасында бес бала бар. Өнерпаз жары Анармен бірге Әйгерім, Рената, Сәтті және ұлы Ақжан, Керей-Хан есімді үш қыз бен екі ұл тәрбиелеп отыр. Әнші бірнеше рет өзінің бақытты әке екенін мойындады, ал Көкеевтер отбасы бала санына шектеу қоймайды және отбасының одан әрі үлкеюіне үмітті екенін айтады.
Динара Сұлтан және құпия күйеуі
«SuperStar KZ» жобасының қатысушысы және China Town тобының бұрынғы солисті жеке өмірін бейтаныс көздерден мұқият жасырады. Әншінің күйеуінің кәсіпкер екені ғана белгілі. Қызметіне байланысты отбасы екі қалада тұрады: Алматы және Дубай. Ерлі-зайыптылардың алты баласы бар.
Алтынай Жорабаева мен бұрынғы жары Сәбит Әбдіхалықов
Әнші Алтынай Жорабаева төрт қыздың анасы. Ханшайымдардың әкесі —ұзақ уақыт бұрын Алтынай ажырасқан актер әрі продюсер Сәбит Әбдіхалықов.
Бұған дейін әнші жеке өмірі туралы жиі айта бермейтін, бірақ ажырасқанын жасырмады, сонымен бірге ол жаңа отбасын құрып, қыздарына іні сыйлаудан үмітті екенін айтты.
Ал 2020 жылдың көктемінде эстрада жұлдызы тұрмысқа шыққанын жариялап, бұл қадамға тек қыздарының келісімімен барғанын айтқан.