Актриса Әсел Сағатова өзіне сезімін білдіріп жүрген жігіттердің үмітін үзді

Танымал актриса Әсел Сағатова сезімін білдіріп жүрген жасы кіші жігіттерден өзін мазаламауын сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі тұрмыста екенін айтып көп жігіттің үмітін үзді.

«Барлық «Райымдарға» ескерту: тұрмысқа шыққаныма 13 жыл болды. Жекеме жазудың еш мәнін көріп тұрғаным жоқ», – деп жазды актриса.

Бұл жазбасымен 12 жыл жас айырмашылығы бар Ерке Есмахан мен Райым Бақтыгереевті меңзеді.

Актрисаның 2010 жылы Қарағанды облысының бұрынғы әкімі және экс-министр Камалтин Мұхамеджановтың ортаншы ұлы Радий Мұхамеджановпен отбасын құрғанын бірі білсе, бірі білмейді. Бүгінде ерлі-зайыпты Алдияр және Айрис есімді екі перзент тәрбиелеп отыр.