Танымал актер Бауыржан Ибрагимов қазір әзіл әлемінде жүрген актерларды сынға алды. Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді»бағдарламасында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Олар сын көтере алмайды-ау. Қабатовты актер емес дегенім - ол кәсіби актер емес дегенім. Біз дипломы бар, кәсіби актерлармыз. Менен сұрайды олар актер ма деп.. Ол актер емес, ол - квн-щик. Оларға бұл - хобби. Олар - анекдот айтқыштар. Алмат бір сұхбатында: «Тұрсынбекке Ленинді ойна десең де ойнайды. Бірақ өз деңгейіндегі Ленин шығады», — деді.
Сол сияқты. Олардың да өз аудиториясы, тыңдармандары бар. Оған ешқандай дау жоқ. Ал таза актер ма? Олар актер емес.
Біз образ жасайтын актерлармыз. Бізді соған үйретті. Бір татардың образын алып шығу үшін маған бір сағат грим жасайтын.
Бейімбет Майлиннің «Апама айтамын» қойғанда Құдайберген екі сағат грим жасайтын. 15-20 минутсыз сахнадан кетпеймін. Оның басы бар, аяғы бар. Оны қазіргі жастар түсінбейді. Қабатовтың айтып жүрген әңгімелері 1982-83-жылдары оқуға түсейін деп жүргенде айтқан әзілдеріміз. Ал оқу бітірген соң біз образ жасайтын актерге айналдық», — деді Бауыржан Ибрагимов.