Әлеуметтік желіде тойда ерсі қылық көрсеткен ата сынға қалды. Оқиғаның видеосы Instagram-дағы топтарда тарап кетті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрларда ортада билеп жүргендердің арасында ер адам әйелге қол көтергені көрінеді. Дәл осы әрекетінен кейін көпшілік сын пікірлер айтқан.
Желі қолданушылары видеоға жағымсыз пікірлер жазған:
«Алла абыроймен қартайтсын!» «Қол көтергені дұрыс болмады», «Туу, тым ерсі көрінеді».