Әлеуметтік желіде құлынмен бірге ұйықтап жатқан баланың видеосы тарады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан Ерсұлтан есімді бүлдіршіннің қорықпай құлынның қасында жатқанын көруге болады.
Әлеуметтік желі қолданушылары батыр балақайға жылы лебіздерін жазған.
«Қазақты батыр баласы, тіл көзден сақтасын», «Бала кезімде еске түсіреді-ау мына бала», «Ұлың өсіп бай болсын, құлының өсіп тай болсын!», «Екі құлыншақ», «Екі құлын бір-біріне жарасып тұр», - деп жазды олар.
Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі видеолардан бүлдіршіннің төрт түлікті жатырқамай, бірге ойнайтыны да көрінеді.