Беспаев отау құрғанына 19 жыл толуына орай әсерлі видео жариялады

Қазақстандық танымал әнші Мейрамбек Беспаев үйленгеніне 19 жыл толуына орай Instagram желісінде жазба жариялады

Фото: Instagram / @m_besbaev

Отбасын құрғанына 19 жыл толған әнші Instagram желісінде әйелімен бірге өткізген сәттерінен видеоны бөлісті. Әншінің әйеліне арнап жасаған сыйлығы желі қолданушыларын сүйсінтті. Олар әнші мен оның отбасына бақыт тіледі.

«Бақытты болыңдар! Құтты болсын», «Келіншегіңіз қандай сұлу. Берекелі отбасы болыңыздар», «Мейрамбек үйленді деп талай қыз жылап еді», — деп жазды пікір білдірушілер.