Атамен қол ұстасып билеген полицей Желі қолданушыларын күлдірді

Мейірімді полицейдің әрекеті Желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода полиция қызметкері сахнаның қасына барып билеп тұрған ер адамды жұлқыламай, керісінше онымен бірге билеп орнына отырғызады.

Бұл видео TikTok-та 1 миллионнан аса қаралым, 83 мың лайк пен 3 мыңнан аса пікір жинаған.

Желі қолданушылары полицейдің бұл қылығына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.

«Керемет! Көңілін тауып, ренжітіп алмай алып шықты», «Жақсы полицейлер де бар екен ғой», «Осылай болсын, бәрі жақсы көреді ғой, дұрыс қарым-қатынас болу керек», «Үлкенді сыйлайтын жақсы жігіт екен», «Полицияның барлығы осындай болса, полицияға деген халықтың сыйластық жағынан көзқарасы өзгерер еді», «Офицерский вальске дайындалып жүрген шыгар», - деп жазған олар.